Жаңалықтар

01.12.2023

Михаил Мясникович Адылбек Касымалиевті туған күнімен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшесі Адылбек Касымалиевті туған күнімен құттықтады.

"Үлкен кәсіби шеберлігіңіздің, жеке басыңыздың биік қасиеттерінің, мемлекеттік қайраткер ретіндегі бай тәжірибеңіздің арқасында Сіз Қырғыз Республикасында, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде абырой мен беделге ие болдыңыз", – делінген құттықтау хатта.
Михаил Мясникович Адылбек Касымалиевтің интеграциялық мәселелерді шешудегі дәйектілігін және оның ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы достық әрі әріптестік экономикалық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін айрықша атап өтті.

Михаил Мясникович Адылбек Касымалиевке мықты денсаулық және аман-есен болып, табысқа жете беруді тіледі.