Жаңалықтар

10.04.2024

ЕЭК министрі Сергей Глазьев Мьянма Премьер-Министрі Мин Аун Хлайнмен кездесті

Еуразиялық экономикалық комиссия делегациясының Мьянма Одағы Республикасына ресми сапары барысында ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьевтің Мьянма Одағы Республикасының Мемлекеттік әкімшілік кеңесінің Төрағасы, Премьер-Министрі Мин Аун Хлайнмен жұмыс кездесуі болып өтті.

Тараптар ЕАЭО мен Мьянма арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы нәтижелері мен перспективалық бағыттарын талқылады.

Сергей Глазьев ЕЭК пен Мьянма Одағы Республикасының Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру ынтымақтастықтың түйінді салаларындағы диалогты тереңдетуге ықпал етеді деп атап өтті.

Осы кезеңдегі негізгі міндеттер ЕАЭО елдері мен Мьянма арасындағы тауар айналымының көлемін арттыру, өзара саудадағы теңгерімсіздікті жою, сауда-экономикалық ынтымақтастыққа әсер ететін Еуразиялық реттеушіліктің түйінді аспектілері бойынша ақпарат алмасуды қоса, ЕЭК пен Мьянма Үкіметінің жүйелі диалогын дамыту болып табылады.

Сергей Глазьев сондай-ақ Мьянманың бейінді министрліктерінің басшыларымен екіжақты кездесудің және бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысының қорытындылары туралы хабардар етті.

Анықтама

Еуразиялық экономикалық комиссия мен Мьянма Одағы Республикасының Үкіметі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға 2023 жылғы 15 маусымда Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында қол қойылды.

Меморандум кедендік реттеу, техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану, қаржы нарықтары, көлік, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен және басқа да бағыттар бойынша өзара іс-қимылды көздейді. Меморандумда өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобын құру және бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу көзделген.