Бүгінде ұлттық мемлекеттер, өңірлік және халықаралық ұйымдар негізгі мақсаттарды баяндай отырып, мониторинг жүйесін құра отырып және осы мақсаттарға қол жеткізудің негізгі кезеңдері мен құралдарын белгілей отырып, цифрлық экономиканы дамыту және цифрлық егемендікті ондаған жылдар бойы қорғаудың жалпы пайымымен өздерінің бағдарламалық және нысаналы құжаттарын әзірлейді. Бұл туралы 20 маусымда Минскіде Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Варос Симонян «Ғылыми-техникалық ынтымақтастық - жаңа экономикалық сын-тегеуріндер жағдайындағы ЕАЭО дамуының негізі: проблемалар мен шешу жолдары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы шеңберіндегі «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» секциясында хабарлады. Варос Симонян әлем цифрлық технологиялар саласындағы білім беру, цифрлық инфрақұрылым, бизнесті цифрлық трансформациялау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді цифрлық трансформациялау сияқты бағыттарда мақсатты көрсеткіштер жолымен жүріп келе жатқанын атап өтті.
«Еуразиялық цифрлық кеңістік шеңберінде біз өзіміздің интеграцияланған ақпараттық жүйемізді жетілдіру жөніндегі жұмысты іске қостық, цифрлық жобалар мен бастамалардың мақсат қою және іске асыру қағидатын қайта қарадық. Бірақ бізге АКТ саласында жекелеген одақтық келісімдер шеңберінде әзірленуі мүмкін келісілген саясат жүргізуді әлі де күшейту қажет», - деп атап өтті ЕЭК министрі.