2022 жылғы қаңтар-наурызда Еуразиялық экономикалық одақта ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,6% артты. Өсу Қырғызстанда 2,3%, Ресейде 1,9% және Қазақстанда 1,8% байқалды.
Атап айтқанда, мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірісі: сойылған мал мен құс (тірі салмағында) 4,3%, сүт 1,5%, жұмыртқа 3,2% өсті.
Сойылған мал мен құс өндірісі көлемінің өсуінде Ресей (+ 5,5%) мен Қырғызстан (+ 2,8%) көш басында. ЕАЭО-ның Армениядан басқа барлық мемлекетінде сүт өндірісі артты. Әйтсе де ол жұмыртқа өндірісінде 14,7% барынша жоғары өсіммен үздік шықты. Осы көрсеткіш Қазақстанда 12,8% артты.
Толығырақ статистикалық ақпарат мына жерде.