Еуразиялық экономикалық комиссияның Көлік және инфрақұрылым департаменті директорының уақытша міндеттерін атқарушы Елена Валенттің төрағалығымен өткен Табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің табиғи монополиялар саласындағы жақындасуға жататын нормативтік құқықтық актілер тізбесін қалыптастыру жөніндегі жұмыстың нәтижелері талқыланды.
«Құжат ЕАЭО туралы шартта белгіленген табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің қағидаттары мен қағидалары негізінде ұлттық заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу арқылы мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын үйлестіру процестеріне жәрдемдесетін болады», - деп атап өтті Елена Валент.
Отырыс барысында сонымен қатар ағымдағы жылы табиғи монополиялар саласындағы міндеттерді іске асыру қорытындыларын қамтитын ақпарат құрылымы мақұлданды.
Сонымен бірге Армения Республикасының Қоғамдық қызметтерді реттеу жөніндегі комиссиясы тарифтік саясаттың ерекшеліктері және Армениядағы энергия тиімділігі мәселелері бойынша мемлекеттік қолдау шаралары туралы презентацияны ұсынды.
Анықтама
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын үйлестіру жөніндегі тиісті шаралардың жүзеге асырылу реттілігін айқындау жөніндегі іс-шаралар жоспары (жол картасы) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 37 өкімімен бекітілген