11 мамырда Париждегі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаев ЭЫДҰ штаб-пәтеріндегі жаһандық қатынастар және ынтымақтастық жөніндегі директораттың директоры Андреас Шаалмен кездесу өткізді.
Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев ЭЫДҰ жаһандық қатынастар және ынтымақтастық жөніндегі директоратында Еуразия бөлімінің басшысы Уильям Томпсонмен кездесті.
Тараптар бір-біріне ЕЭК пен ЭЫДҰ-ның халықаралық қызметі туралы ақпарат беріп, өзара қызығушылық тудыратын халықаралық қарым-қатынастың өзекті мәселелерін қарастырды.
Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық процестерді тереңдету талаптарымен, оның ішінде «ЭЫДҰ – Еуразия» бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.
Кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар өзара қарым-қатынасқа дайын екендіктерін білдіріп, ақпарат алмасуды, жұмыс кездесулерін және сараптамалық консультацияларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.