Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі бөлшек саудада сатуға немесе кейіннен қайта өңдеуге арналған жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу бажынан босату түрінде тарифтік жеңілдік беру туралы шешім қабылдады.
Бұл арада, атап айтқанда, Ресей Федерациясына 150 мың тоннадан аспайтын көлемде картоп жеткізу, Ресей Федерациясына 55 мың тоннадан аспайтын көлемде және Беларусь Республикасына 5 мың тоннадан аспайтын көлемде сәбіз жеткізу, сондай-ақ Ресей Федерациясына 230 мың тоннадан аспайтын көлемде және Беларусь Республикасына 20 мың тоннадан аспайтын көлемде алма жеткізу туралы сөз болып отыр. Жеңілдіктің қолданылу мерзімі – 2025 жылғы 1 қаңтардан 31 шілдеге дейін.
"Жыл сайын маусымаралық кезеңде жеміс-көкөніс өнімдері нарығында тұтыну бағасының айтарлықтай ауытқуы байқалады, бұл бірінші кезекте отандық өндіріс тауарлары қорларының түгесілуіне байланысты. Ағымдағы жылы өнім аз жиналғанын ескере отырып, қабылданған шара ішкі нарықта қосымша ұсынысты қамтамасыз етуге және тұрғындардың көкөніс пен алмаға қол жеткізуін арттыруға мүмкіндік береді", – деп атап көрсетті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
Ол аталған тарифтік жеңілдік уәкілетті орган берген растау болған кезде берілетінін нақтылап айтты.