Жаңалықтар

22.02.2024

2023 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО статистикасы жарияланды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаменті Еуразиялық экономикалық одақтың 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары ішіндегі негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша ай сайынғы талдамалы шолуды жариялады.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында ЕАЭО-да өнеркәсіп өндірісінің 3,7%-ға, орындалған құрылыс жұмыстары көлемінің 8,6%-ға, бөлшек сауда айналымының 6,6%-ға өскені байқалды. Жалпы ішкі өнім 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары ішіндегі алдын ала бағалау бойынша 2 391,9 млрд АҚШ долларын құрады (2022 жылғы қаңтар - желтоқсан айларының деңгейіне қарағанда 103,8%).

Осы кезең ішінде жүк айналымы Қырғызстанда (8,2%) және Қазақстанда (3,1%), жолаушы айналымы Арменияда (63,3%), Ресейде (12,8%), Қазақстанда (10,3%), Қырғызстанда (8,7%) және Беларуста (7,8%) артты.

ЕАЭО бойынша тіркелген жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санының 0,8% құрады.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер АҚШ доларын қоспағанда, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің валюталарымен де есептелді.

Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Талдамалы шолулар» бөлімінде берілген.