Жаңалықтар

20.12.2023

ЕАЭО-ның 2023 жылдың 10 айы ішіндегі статистикасы жарияланды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаменті Еуразиялық экономикалық одақтың 2023 жылғы қаңтар-қазан айлары ішіндегі негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша ай сайынғы талдамалы шолуды жариялады.

2023 жылғы қаңтар-қазан айларында ЕАЭО-да өнеркәсіп өндірісінің 3,7%, орындалған құрылыс жұмыстары көлемінің 8,7%, бөлшек сауда айналымының 5,7% өскені атап өтілді.

Осы кезең ішінде жүк айналымы Қырғызстанда (8,0%) және Қазақстанда (3,1%), жолаушы айналымы – Арменияда (77,2%), Ресейде (12,9%), Қазақстанда (11,5%), Беларусьта (9,1%) және Қырғызстанда (7,7%) өсті.

Жалпы ішкі өнім 2023 жылдың тоғыз айы ішінде, алдын ала бағалау бойынша, 1 701,3 млрд АҚШ долларын құрады (2022 жылғы қаңтар - қыркүйек айларының деңгейіне қарағанда 103,1%). 2023 жылғы қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға инвестициялар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде 2022 жылғы қаңтар – қыркүйек айларының деңгейінен 10,3% көбірек игерілді.

2023 жылғы қаңтар-қазан айларындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер АҚШ доларынан өзге, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің валюталарымен де есептелді.

Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаментінің «Талдамалы шолулар» бөлімінде берілген.