Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаменті Еуразиялық экономикалық одақтағы 2018-2022 жылдардағы еңбек нарығы туралы статистикалық зерттеуді жариялады.
Зерттеуде жұмыс күшінің, жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздардың саны, олардың жынысы, жасы, білім деңгейі бойынша құрамы мен құрылымы туралы деректер келтірілген. Жұмыспен қамтылған халық білім деңгейі, жұмыспен қамтылу мәртебесі және экономикалық қызметінің түрлері бойынша сараланған. Жұмыссыздар білім деңгейі, жұмыс іздеуінің ұзақтығы мен тәсілдері бойынша сараланған. Жинақта тіркелген жұмыссыздықты сипаттайтын көрсеткіштер, жұмыс күшінің қозғалысы мен жұмыс орындары да қамтылған.
Неғұрлым толығырақ ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі "Еңбек нарығы. 2018-2022 жылдардағы Еуразиялық экономикалық одақтың статистикасы" жинағында берілген.