Жаңалықтар

29.09.2022

ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда аймағын құру жөніндегі келіссөздер ойдағыдай ілгерілеуде

Мәскеуде 26 - 28 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы бүгінгі қолданыстағы уақытша преференциялы сауда келісімін ауыстыратын еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздердің бесінші раунды өткізілді.

"Құжаттың реттеушілік бөлігімен жұмыс іс жүзінде аяқталды, қалған дәлдейтін мәселелер таяудағы перспективада реттелуі мүмкін. Түйінді мәселе - өзара саудада баж қолданылмайтын тауарлар тізбесіне келсек, тараптардың позициялары тиянақталды, шешім де қаралуда",- деп атап өтті раунд қорытындысы бойынша ЕЭК Сауда саясаты департаменті сауданы реттеудің арнаулы мәселелері бөлімінің бастығы Антон Цециновский.

Комиссия өкілі бұл келіссөздердің ойдағыдай өткізілуіне ЕАЭО елдерінің Үкіметтері де, Иран да аса назар аударып отыр деп сөзін толықтырды. Бұл таяудағы уақытта оларды аяқтау үшін қажетті шешімдерді екі тарап та қабылдайтын болады деп санауға мүмкіндік береді.

"Біздің бағалауымыз бойынша, өткен раундты ескере келгенде, келіссөздерді субстантивті аяқтау айтарлықтай жақындай түсті. Дегенмен, барлық қатысушылар бір-бірінің сұрату позицияларын барынша өнімді пысықтауға тиіс. Келесі жолы қарашада кездесеміз деп келістік",- деп хабарлады ЕЭК өкілі сөзінің соңында.