Жаңалықтар

21.06.2022 (Обновлено: 04.07.2022 16:05)

ЕАЭО мемлекеттерінің Үкіметтері мен ЕЭК «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» бағыттарында Еуразиялық көлік дәліздерін дамытатын болады

Еуразиялық үкіметаралық кеңес Одақ мемлекеттерінің Үкіметтеріне ЕЭК-пен бірлесіп, Еуразиялық көлік дәліздері мен соның ішінде «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» бағыттарындағы халықаралық көлік дәліздеріне кіретін маршруттардың көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмысты жандандыруды (үйлестіруді) тапсырды.

Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру шеңберінде әзірленген ЕАЭО елдері аумақтарында көлік инфрақұрылымын құру және дамыту мәселелері жөніндегі баяндаманы қарағаннан кейін 21 маусымда Минскіде өткен отырыста ЕАЭО елдері Үкіметтерінің басшылары осындай тапсырма берді.

Бұл ретте ЕАЭО елдері көлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Одақ пен Қытай Халық Республикасының даму институттары арасында ынтымақтастықты жолға қою қажеттілігін негізге алады, сондай-ақ мүше мемлекеттерді екі жақты форматта іске асырылатын Еуразиялық көлік дәліздері мен бағыттарын дамыту жөніндегі жобаларды іске асыруға қосу мүмкіндігін пысықтайды.

Тапсырма бойынша Үкіметаралық кеңес алдындағы есептілік жылына кемінде екі рет деп белгіленген, бұл көліктегі ағымдағы жағдаятта өзгеретін жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Одақта көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бұл шаралар магистралдық жолдардың өткізу қабілетін арттыруға, ЕАЭО мемлекеттері аумақтарындағы көлік инфрақұрылымының «тар» орындарын (шектеулерін) жоюға мүмкіндік береді.