Қымбатты достар!
Сіздерді шын жүректен Жаңа жылмен құттықтаймын!
Өткен жыл біздің интеграциялық бірлестігіміздің қалыптасу тарихындағы маңызды кезең болды. Біз Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылғанына 10 жыл толуын атап өттік.
Осынау, шын мәнінде, аз уақыт ішінде бірлестік елдері азаматтарының өмірі мен жұмысы үшін қолайлы жағдайлар жасауда айтарлықтай ілгеріледік. Еуразиялық экономикалық одақта жұмыс істеу мен даму үшін жайлы жағдай орнады. Міне, интеграцияның басты жетістігі де осы болса керек.
Бізді бірлесіп істейтін әлі де көп жұмыс күтіп тұр. Алдымызда тұрған жаңа міндеттер бар.
Сіздерге мықты денсаулық және құт-береке тілеймін! Біздің елдеріміздің халықтары өркендей берсін!
Жаңа 2025 жыл құтты болсын!
Құрметпен,
ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев