Жаңалықтар

01.01.2024

ЕАЭО органдарына төрағалық ету 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Армения Республикасына өтті

Армения Республикасы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ органдарында төрағалық етеді және 2024 жыл ішінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске, Еуразиялық үкіметаралық кеңеске және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіне төрағалық ететін болады.

Төрағалық ету аясында Еуразиялық экономикалық одақтың 10 жылдық мерейтойына орайластырылған Мәскеуде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы, III Еуразиялық экономикалық форумды, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысын, сондай-ақ басқа да бірқатар іс-шараларды өткізу жоспарланған.

Жақын арада Армения Республикасының Премьер-министрі, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің төрағасы Никол Пашинян Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшыларына арнап Арменияның ЕАЭО органдарында төрағалық етуі бойынша басым бағыттары бар жолдау жасайды деп күтілуде.

Анықтама

ЕАЭО туралы шартқа сәйкес Жоғары кеңесте, Үкіметаралық кеңесте және Комиссия Кеңесінде төрағалық етуді бір мүше мемлекет күнтізбелік бір жыл ішінде ұзарту құқығынсыз ротациялық негізде орыс әліпбиі тәртібімен жүзеге асырады.