Еуразиялық экономикалық комиссияның Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері Илья Кузьмичев пен Эльнура Абдурашитова осы жылғы 13-26 шілдеде Қазанда өткен Президенттік академияның Халықаралық жазғы кампусының іс-шараларына қатысты.
Жазғы кампустың қатысушылары — РХШжМҚА-ның, Қазан (Приволжье) федералдық университетінің, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басқа да бірқатар жоғары оқу орындарының студенттері — жастар үшін өзекті бағыттар: білім беру және ғылым, кәсіпкерлік, туризм, IT-секторды дамыту бойынша жобалар әзірледі. Комиссия жастардың Еуразиялық экономикалық интеграция процестеріне қатысуына арналған тақырыптық тректің әріптесі болды.
Комиссия өкілдері «Еуразиялық экономикалық одақ жастарға не үшін керек?» пікірсайысын өткізді, «ЕАЭО-ның жастар күн тәртібі — Еуразиялық интеграцияның жаңа бағыты» ақыл-ой талқысын ұйымдастырды. Бұдан басқа, Илья Кузьмичев пен Эльнура Абдурашитова РХШжМҚА ҚҰҚИ директорының орынбасары Валерий Смирновпен және РХШжМҚА ҚҰҚИ Еуразиялық экономикалық интеграция базалық кафедрасының доценті Сергей Рекедамен бірге студенттік жобалардың сарапшылық жұмысына қатысты. Бұл жобалар кейіннен РХШжМҚА ЕАЭО студенттік қоғамдастығын шоғырландыру үшін оны құру туралы бастама көтеріп отырған Еуразиялық студенттер ассамблеясы қызметінің негізін құрайтын болады.
Комиссияның жазғы кампусқа
қатысуы ЕЭК пен РХШжМҚА-нің
бірлескен ғылыми-білім беру және сарапшылық-талдамалы іс-шаралар кешенін
көздейтін 2021-2022 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде болып
өтті.