Жаңалықтар

14.02.2023

Медициналық бұйымдарды ұлттық қағидалар бойынша тіркеу мүмкіндігі ұзартылды

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері ЕАЭО шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медиициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қойды.

Құжат Одақ құқығында не ЕАЭО мемлекеттерінің заңнамасында көзделген тәртіпте медициналық бұйымдарды сараптау немесе тіркеу туралы өтінішті 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін беру мүмкіндігін көздейді. Бұрын мұндай мүмкіндік 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін көзделді және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық бұйымдарды тіркеу одақтық құқыққа сәйкес қана жүзеге асырылатын болады деп бағамдалды. 

Хаттамамен белгіленген мерзімді ұзарту мүше мемлекеттерге медициналық бұйымдарды бірыңғай тіркеу үшін талап етілетін, соның ішінде клиникалық орталықтар мен сынау зертханаларын өзіне кірістіретін жүйені жетілдіруге мүмкіндік береді. 2022 жылғы желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі тиісті жоспарды бекітті. ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко атап өткендей, жоспардың іс-шараларын іске асыру 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық бұйымдарды ЕАЭО қағидалары бойынша тіркеуге көшіруді қамтамасыз ететіні сөзсіз. 

Хаттама қол қойылған күнінен — 2023 жылғы 13 ақпаннан бастап уақытша қолданылады және Одаққа мүше мемлекеттер оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны Комиссия алған күннен бастап күшіне енеді