Жаңалықтар

14.03.2024

Куба Республикасы мен ЕЭК дәрілік заттар айналысы саласындағы ынтымақтастықты жалғастырады

13 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында Мәскеуге жұмыс сапарымен келген Куба Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Таня Маргарита Круз Эрнандеспен және Кубаның жетекші "БиоКубаФарма" фармакомпаниясының басшылығымен кездесу болып өтті.

ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары Чинара Мамбеталиеваның төрағалығымен, Комиссияның интеграцияны дамыту және өнеркәсіптік саясат блоктары өкілдерінің қатысуымен өткен іс-шара барысында 2018 жылғы 31 мамырдағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Куба Республикасының Үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру мақсатында жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі үдемелі дамытуға деген өзара ықылас расталды.

Техникалық реттеу блогының өкілдері Куба делегациясын Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ нарығындағы дәрілік препараттар айналысының ерекшеліктері және Комиссия актілеріндегі, соның ішінде 2024 жылғы II жарты жылдықта шығару жоспарланған ЕАЭО Фармакопеясының бірінші томының үшінші бөлігіндегі соңғы өзгерістер туралы хабардар етті.

Интеграцияны дамыту және өнеркәсіптік саясат блоктарының өкілдері өнеркәсіптік кооперацияны және өнеркәсіптегі көпжақты интеграциялық жобаларды қолдау жөніндегі жұмыс жайында айтып берді.

Кездесуге қатысушылар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қатысуымен фармацевтика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылауға айтарлықтай көңіл бөлді.