29 мамырда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық одақ күнін алғаш рет атап өтуде. Дәл осы күні 2014 жылы Қазақстан Республикасында ЕАЭО туралы шартқа қол қойылған болатын.
«9 жыл ішінде Еуразиялық экономикалық одақ Үлкен Еуразия мемлекеттерінің ынтымақтастығы мен өзара қарым-қатынасының негізгі алаңына айналды. Біз маңызды стратегиялық шешімдер қабылдауға дайынбыз. Бүгінгі таңда біздің бірлестіктің алдында ЕАЭО елдеріндегі инвестициялық белсенділікті ынталандыруды, өзінің көрсеткіштері бойынша SWIFT-тен жоғары есеп айырысу жүйесін құруды, дербес цифрлық валюталық ортаны әзірлеуді қоса алғанда, өте маңызды мақсаттар тұр. Алдағы жылдары ЕАЭО елдері Одақ елдерінің де, бүкіл еуразиялық кеңістік мемлекеттерінің де экономикалық мүдделеріне құрметпен қарау негізінде бірлестіктің қызметінің жоғары қарқынын сақтап, тіпті арттыра алатынына сенімдімін», — деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович.
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров 2022 жылы Еуразиялық экономикалық одақ күні туралы бастама көтерген болатын. Оны еуразиялық «бестіктің» төрт елінің, яғни Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресей басшылары бірауыздан қолдады. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің өкімінде атап өтілгендей, мұндай күнді белгілеу одақтас мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және тереңдетуге көмектеседі. Садыр Жапаровтың ұсынысы бойынша ЕАЭО күні жыл сайын атап өтіледі.
Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекет басшыларын: Армения Республикасының Премьер-министрі, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшесі Никол Пашинянды; Беларусь Республикасының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшесі Александр Лукашенконы; Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшесі Қасым-Жомарт Тоқаевты; Қырғыз Республикасының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшесі Садыр Жапаровты; Ресей Федерациясының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Төрағасы Владимир Путинді;
Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің үкімет басшыларын: Армения Республикасының Премьер-министрі, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшесі Никол Пашинянды; Беларусь Республикасының Премьер-министрі, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшесі Роман Головченконы; Қазақстан Республикасының Премьер-министрі, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшесі Әлихан Смайыловты; Қырғыз Республикасының Министрлер кабинетінің Төрағасы — Қырғыз Республикасы Президентінің Әкімшілігінің басшысы, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшесі Ақылбек Жапаровты; Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің Төрағасы Михаил Мишустинді;
Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің вице-премьерлерін: Армения Республикасының вице-премьері, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшесі Мгер Григорянды; Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшесі Игорь Петришенконы; Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — Сауда және интеграция министрі, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшесі Серік Жұманғаринді; Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшесі Әділбек Қасымалиевті; Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Төрағасы Алексей Оверчукті ЕАЭО күнімен құттықтады.