Жаңалықтар

12.09.2023

Сергей Глазьев ШЭФ-2023-те: "Жаңа әлемдік шаруашылық салтына жаңа валюта-қаржы архитектурасы қажет"

Мемлекетаралық бірлестіктердің валюталық-қаржылық есептеулердің жаһандық жүйесін жаңартуға қатысуы 11 қыркүйекте Владивостоктағы Шығыс экономикалық форумы шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия ұйымдастырған "Үлкен Еуразия: баламалы халықаралық валюта-қаржы жүйесін қалыптастыру драйверлері" сессиясының негізгі тақырыбына айналды. Сессияның трансляциясы сілтеме арқылы қол жетімді.

ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі, РҒА академигі Сергей Глазьев өз сөзінде Еуразиялық экономикалық одақтың ұлттық валюталарда есеп айырысуға көшудегі жетістіктерін атап өтіп, бұл мәселе ЕАЭО-ны одан әрі дамыту жоспарларын пысықтау және оны Үлкен Еуразия кеңістігінде жайғастыру тұрғысында ерекше өзекті екенін атап көрсетті.

"ЕАЭО-да 2022 жылдың қорытындысы бойынша өзара саудада ұлттық валютамен есеп айырысудың үлесі 83% құрады", — дей келіп, ЕЭК министрі бұл үрдіс күшейе түсетініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Сергей Глазьев жаңа әлемдік валюта құру әлемдік экономикадағы салмағы үнемі артып келе жатқан БРИКС-ті қоса, өңірлік және мемлекетаралық бірлестіктердің кең құлашты алаңдарында белсенді талқыланып жатқанын атап өтті.

ЕЭК министрі түйінді шикізат тауарларына баға белгілеу мәселелеріне жеке назар аударып, бұл ретте ЕАЭО-ның ортақ Еуразиялық биржалық кеңістік қалыптастыру жөніндегі күш-жігерін атап өтті.

"Ұлттық валютадағы есептеулерді цифрлық түрде одан әрі дамыту – болашақта өте перспективалы бағыт. Егер әлемнің жетекші елдері немесе кем дегенде БРИКС елдері өздерінің ұлттық валюталарына белгілі бір квоталарды цифрлық түрде бөлу туралы келіссе, онда цифрлық биржаларда бірнеше жүздеген брокерлер бұл валюталарды тепе-теңдік қатынасына жеткізеді және біз оларды пайдалана алған болар едік. Менің ойымша, осылай болады",-деді Сергей Глазьев.

Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы Төрағасының орынбасары Александр Бабаков халықаралық есеп бірлігі жобасын пысықтау қажеттігі туралы ұсынысты қолдап, маңызды ішкі шартты – рубльдің құбылмалылығын төмендетуді және ұлттық даму міндеттеріне барабар монетарлық саясат жүргізуді көрсетті. 

Осындай процестер үшін қажетті Үлкен Еуразия кеңістігіндегі есептеудің және инфрақұрылымды бейімдеудің жаңа нысандарына көшу туралы ЕАЭО-ның шетелдік әріптестері айтты. Мәселен, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сохаил Хан ұйымға мүше мемлекеттердің Қаржы министрліктері мен Орталық банктері өкілдерінен арнайы құрылған сараптамалық топ шеңберіндегі жұмысты атап өте келіп, ШЫҰ-ның ұлттық валютада есеп айырысуға көшу жөніндегі қадамдары туралы айтты.

"Мамандар елдердің валюталық реттеу жөніндегі заңнамасындағы айырмашылықтарға, ұлттық валютада өзара есеп айырысудың ағымдағы жай-күйіне мұқият талдау жасауда, сөйтіп, олардың дамуын тежейтін шектеулерді, сондай-ақ кеңейту перспективаларын анықтауда", — деп атап өтті ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары.

Мьянма Одағы Республикасының Инвестициялар және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Кан Зо технологиялық инновацияларды, мемлекеттердің өзара тәуелділігінің бұрын-соңды болмаған деңгейін және дамушы елдердің әлемдік экономикадағы өсіп келе жатқан рөлін ескеретін валюта-қаржы жүйесін жаңғырту қажет деген тезисті қолдады.

"Дамушы экономикасы бар мемлекеттердің мүддесін ескеретін неғұрлым инклюзивті жүйені құру қажет", – деп атап көрсетті Кан Зо.

Қытай Халық университеті жанындағы "Чуньян" қаржылық зерттеулер институтының атқарушы деканы Ван Вэнь, РФ.СЭБ бас экономисі Андрей Клепач, Бас директордың орынбасары, Макроэкономикалық талдау және қысқа мерзімді болжау орталығының ақша-несие саясатын талдау бағытының жетекшісі Олег Солнцев, РҒА Халық шаруашылығын болжау институтының директоры Александр Широв, Бразилияның экономикалық талдаушысы Пепе Эскобар, Еуразиялық интеграция ғылыми орталығының сараптамалық тобының жетекшісі Олег Ногинский өздерінің валюта-қаржы байланыстарын дамытуға деген көзқарастарымен бөлісті.