Жаңалықтар

28.06.2022

Сергей Глазьев: «Азияда тұрақтылық пен ізгі игілік аймағын қалыптастыру қажет»

Бұл туралы ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Іскерлік кеңесінің АӨСШК-ке мүше мемлекеттердің шағын және орта кәсіпорындарда бизнес-процестерді цифрландыру және азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы ынтымақтастығының перспективаларына арналған Бесінші жалпы отырысының ашылуында сөйлеген сөзі барысында мәлімдеді.

«Барлық Азия елдері, әсіресе Шығыс Азия, экономикалық дамудың тұрақты және өте жоғары қарқынын көрсетіп келеді», — деп атап көрсетті ЕЭК министрі.
   Сергей Глазьев дағдарыс кезеңінің өзінде Азияда байқалатын озыңқы экономикалық өсуді қолдау үшін аса маңызды басым міндеттер деп Азияда сауда кеңістігін қалыптастыру үшін цифрлық технологияларды ендіруді, баға қалыптастырудың ішкі жүйелері бар бірыңғай азиялық биржалық кеңістікті қалыптастыруды, сауда мен азық-түлік тауарларын бөлудің тұрақты, тиімді және ашық жүйесін құру жолымен Азия үшін азық-түлік қауіпсіздігінің ортақ жүйесін құруды белгілеп көрсетті.

Анықтама

АӨСШК Іскерлік кеңесі АӨСШК-ке мүше мемлекеттердің коммерциялық ұйымдары мен мемлекеттік билік органдарының өкілдерін біріктіретін АӨСШК-тің кеңесші органы болып табылады.

АӨСШК Іскерлік кеңесі шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және кеңейтуге, АӨСШК-ке қатысушы елдердің коммерциялық ұйымдары мен мемлекеттік билік органдары өкілдерінің арасында тікелей байланыстар орнатуға және диалогты бастамалауға, оларды өзара тиімді, өңірлік экономикалық ынтымақтастықты бастамалау үшін экономикалық бағытта жан-жақты ынтымақтастыққа тартуға жәрдемдеседі.