Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ЕЭК Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегянға Ресей СІМ-нің «Өзара іс-қимыл үшін» төсбелгісін табыстады.
Ресей сыртқы саяси ведомствосының басшысы Гоар Барсегянның Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына және мүше мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің «Өзара іс-қимыл үшін» төсбелгісімен Ресей азаматтары мен шетелдік азаматтар Ресейдің СІМ-мен екіжақты ынтымақтастықты дамыту, мемлекеттер арасындағы бейбітшілік пен достық қатынастарды нығайтуға жәрдемдесу бойынша бірлесіп белсенді атқарған жұмысы үшін марапатталады.