Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде өңделмеген құрақ қантын бажсыз әкелу түрінде тарифтік жеңілдік беру туралы шешім қабылдады.
Беларусь Республикасына 100 мың тоннадан аспайтын көлемде, Қазақстан Республикасына 350 мың тоннадан аспайтын көлемде, Қырғыз Республикасына 50 мың тоннадан аспайтын көлемде және Ресей Федерациясына 100 мың тоннадан аспайтын көлемде әкелінетін қант кедендік баж салығынан босатылады.
«Шешім ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 2023 жылға арналған қант бойынша индикативтік баланстарын ескере отырып қабылданды. Мақұлданған тарифтік жеңілдік қант саласының ішкі өндірісін дамытуға және Одақ елдерінің кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етуге бағытталған», – деп атап өтті ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Ол сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер тарапынан қант қажеттіліктерін өзара жабу жөніндегі мүмкіндіктерді ескере отырып, аталған мәселеге күзде қайта оралу жоспарланғанын нақтылады.
Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.