Жаңалықтар

19.08.2022

ЕЭК Кеңесі кедендік әкелу төлемдерін төлеу мерзімін кейінге қалдыруды ұсыну үшін қосымша негізді қолдануды ұзартты

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі экономиканың орнықтылығын арттыру жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында қолдау көрсетілетін жүйе құрушы және қала құраушы кәсіпорындардың тауарларды (өндірісте пайдаланылмайтын акцизделетін тауарларды қоспағанда) әкелу кезінде кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша пайызсыз кейінге қалдыруды немесе бөліктеп төлеуді ұсыну үшін қосымша негіз қолдануды 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Бұдан бұрын ЕАЭО елдері экономикаларының орнықтылығын арттыру жөніндегі шараларды іске асыру шеңберінде кейінге қалдыруды ұсыну үшін мұндай қосымша негіз 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі аралықта белгіленген болатын.

Кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе бөліктеп төлеуді алу үшін кеден органына ұлттық заңнамаға сәйкес берілген уәкілетті мемлекеттік органның растамасы табыс етілуі қажет.

 Анықтама

Кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша пайызсыз кейінге қалдыруды немесе бөліктеп төлеуді ұсыну үшін қосымша негіз ЕЭК Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 75 шешімімен белгіленді.