Жаңалықтар

10.06.2022 (Обновлено: 06.07.2022 11:42)

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО елдері өндірушілерінің мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуына қатысу мүмкіндіктерін кеңейтті

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 10 маусымда Мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізді және қағидаларға № 1 қосымшаның жаңа тауар позицияларына арналған жағдайларын айқындады.

Бұдан бұрын Комиссия ЕАЭО мемлекеттерінің уәкілетті органдарымен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, 56 тауар позициясы үшін жағдайлар мен өндірістік операцияларды келісті, олардың ішінде – тоңазытқыш жабдығы, электр кардиографтар, радиаторлар, музыкалық аспаптар, сығылған және сұйытылған газға арналған сыйымдылықтар, мұнай тазалауға арналған сепараторлар және басқалар бар.

ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиевтың сөзінше, жаңа тауар позициялары үшін келісілген жағдайлар ЕАЭО шеңберінде Одақ мемлекеттерінің өндірушілері арасында кооперациялық тізбектер құруды ынталандырады.

«ТШЕ қағидаларына № 1 қосымшаға қазірдің өзінде 319 тауар позициясы бойынша өндіріс жағдайлары енгізілген және бұл жұмыс жалғасуда. Бүгінгі таңда қабылданған толықтырулар Одақ елдері өндірушілерінің мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуына қатысу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді», — деп атап өтті Арман Шаққалиев. 
Сондай-ақ, Қағидаларға тізілімнен өндіріс шарттарын орындағаны үшін олар болған жағдайда баллдар саны туралы мәліметтерді және тауардың шығу тегі туралы құжаттың қолданылу мерзімінің аяқталу күні туралы ақпаратты алуға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізіледі. Нақтылаулар Еуразиялық тізілімді пайдаланушыларға ұсынылатын ақпаратты ізеуірттеуге бағытталған.