Бизнестің жоғары қызығушылық танытуына және құжаттарды дайындауға қосымша уақыт беруге арналған өтініштерге байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия мен Стратегиялық бастамалар агенттігі «Жасыл Еуразия» екінші халықаралық климаттық конкурсына өтінімдерді беру мерзімін 2024 жылғы 30 сәуірге дейін ұзарту туралы хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа қатысу тегін, өтінімдерді қабылдау 12 ақпанда басталды. Әр ұйым әртүрлі номинация бойынша үштен көп емес жоба ұсына алады, олардың ішінде:
- Климат саласындағы мемлекетік стратегиялар мен практикалар;
- Климаттық қаржылар;
- Төмен көміртекті энергетика;
- Жасыл көлік;
- Орнықты жер пайдалану, орман және су шаруашылығы;
- Төмен көміртекті өнеркәсіп;
Жасыл құрылыс;
- Климаттық белсенді заттарды басқару;
- Тұйық циклдағы төмен көміртекті экономика;
- Климаттық өзгерістер мониторингі және болжау;
- Климаттық орнықты инфрақұрылым;
- Климаттық орнықты қалалар;
- Жаңа климаттық жағдайлардағы ауыл және орман шаруашылығы;
- Жаңа климаттық жағдайлардағы су ресурстары;
- Климат саласындағы оқу-ағарту және білім беру.
Конкурсқа қатысуға коммерциялық компаниялар, мемлекеттік мекемелер, билік органдары, коммерциялық емес ұйымдар мен бірлестіктер, сондай-ақ өтінім толтыру қажет болатын жеке тұлғалар жіберіледі.