Жаңалықтар

15.07.2022

ЕАЭО елдері қант жеткізіліміне қажеттілікті өзара қамтамасыз ету туралы уағдаласты

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарына қолда бар ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін өзара сауда шеңберінде қант жеткізілімдерінің өзара шарты бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.

Бұл ретте тараптар мүше мемлекеттердің ішкі нарығына қантты сату басымдығын, сондай-ақ Ресей Федерациясында 2022 жылғы 31 тамызға дейінгі аралықта қолданыстағы мұндай жеткізілімдерге шектеулер ұзартылмайтынын негізге алуға тиіс.

«ЕЭК алаңындағы консультациялар қорытындысы бойынша келісімшарттар жасасу және қажетті қант көлемін 1 қыркүйектен кейін жеткізу мүмкіндігіне қатысты кепілдіктер берілді. Атап айтқанда, Ресей мен Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрліктері жыл соңына дейін 168 мың тонна жоспарлы көлемді ұлғайтуды келісті. Осы жаңалықтардан кейін нарықтағы барлық алыпсатарлық аяқталатынына күмәнім жоқ», — деп атап өтті Комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.