Жаңалықтар

17.02.2023 (Обновлено: 21.02.2023 16:36)

Ресейдің ЕАЭО органдарында төрағалық ету басымдықтарын іске асыру жөніндегі ЕЭК-тің іс-қимыл жоспары бекітілді

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Төрағасы, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшыларына үндеуінде баяндалған Ресейдің төрағалық ету басымдықтарын іске асыру жөніндегі ЕЭК-тің іс-қимыл жоспары Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің бұйрығымен бекітілді.

Іс-қимыл жоспарында Комиссия ЕАЭО елдерімен бірлесіп оларды іске асыру үшін 2023-2027 жылдары 80-ге жуық іс-шараны орындауды жоспарлап отырған 12 міндет айқындалған.

Комиссия мен Одақ елдерін, атап айтқанда, мына жұмыстар күтіп тұр:

— ЕАЭО-ның 2024 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттарын қалыптастыру жұмысы шеңберінде Одақты әлемдік және өңірлік жайғастырудың нысаналы бағдарларын өзектілендіру;

— Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастық үшін экономикалық қызметтің басымдықты түрлерінде озат ғылыми-технологиялық шешімдерді әзірлеу мен ендірудегі ынтымақтастықты дамыту туралы ұсыныстар дайындау;

— 2030 және 2045 жылдарға дейінгі кезеңге арналған интеграциялық өзара іс-қимылдың негізгі векторларын айқындайтын ұзақ мерзімді жоспарлаудың жаңа құжаттарын дайындау туралы мәселені пысықтау;

— Еуразиялық экономикалық одақтың ұзақ мерзімді кезеңге арналған ғылыми-техникалық дамуының стратегиялық бағдарламасын әзірлеуді қамтамасыз ету;

— Еуразиялық интеграцияның рәміздері болуға қабілетті бірлескен ауқымды жоғары технологиялық жобалардың тізбесін әзірлеу;

— Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамытудың 2027 жылға дейінгі нысаналы бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету;

— азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамытуға бағытталған шаралардың кең кешені жөнінде ұсыныстар дайындау;

— Еуразиялық рейтинг агенттігін құру мүмкіндігі мәселесін пысықтау;

— Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2024-2026 жылдарға арналған үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен кезеңдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын («жол картасын») дайындау;

— ынтымақтастық туралы қол қойылған құжаттар негізінде ШЫҰ, АСЕАН, ТМД, МЕРКОСУР сияқты сыртқы әріптестермен және басқа өңірлік экономикалық бірлестіктермен жүйелі диалог орнатуды қамтамасыз ету.

Бұдан өзге, басқа да іс-шаралардың кең тобы жоспарланып отыр.

Комиссия Алқасы іс-қимыл жоспары мониторингін тұрақты негізде қамтамасыз ететін болады.