Жаңалықтар

21.11.2023

ЕАЭО-ның метрополитеннің жылжымалы құрамына арналған техникалық регламентіне орайлас мемлекетаралық стандарттар әзірлеу жөніндегі бағдарлама бекітілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 21 қарашада Еуразиялық экономикалық одақтың "Метрополитеннің жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне орайлас мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламаны бекітті.

Бағдарлама аталған техникалық регламенттің – метрополитеннің жылжымалы құрамы мен оның құрамдас бөліктерінің талаптары қолданылатын өнімнің екі тобына қатысты талаптар мен бақылау әдістерін белгілейтін мемлекетаралық стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді және 39 мемлекетаралық стандартты әзірлеуді көздейді.

Ресей Федерациясы стандарттардың жауапты әзірлеушісі болып айқындалды.

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

Анықтама

Еуразиялық экономикалық одақтың "Метрополитеннің жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 052/2021) ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 137 шешімімен бекітілген және 2025 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енеді.