Анықтама
2022 жылғы 25-26 тамызда Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының Чолпон-Ата қаласында, «Рух Ордо» мәдени орталығында ТМД мен ЕАЭО-ның Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына орайластырылған «Келечек» («Болашақ») Жастар форумы өтуде.
Форумға 250-ден астам делегат қатысуда, бұлар – Еуразиялық экономикалық одақтың және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен келген жас кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер, жасампазшыл жастардың өкілдері, жас дипломаттар, студенттер.
Форумның мақсаты – мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын одан әрі дамыту және Еуразиялық интеграция идеяларын әйгілеу. Форум жастардың өзара іс-қимылын кеңейтуге, бастамаларды іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға, жас ұрпақ өкілдерінің қоғамдық және кәсіби өзін-өзі танытуына бағытталған.