Жаңалықтар

15.07.2022

ЕАЭО-да электрондық сауда тауарлары қауіпсіздігінің тәсілдемелері тестіленеді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 15 шілдеде электрондық сауда тауарларына қатысты ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын сақтауды растаудың уақытша тәртібін бекітті. Тәртіп сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жобалар барысында қолданылатын болады.

Уақытша тәртіп кейіннен ұлттық заңнама шеңберінде ізеуірттелуі мүмкін электрондық сауда тауарларының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы тәсілдемелерін көздейді.

Атап айтқанда, эксперименттер барысында жекелеген тауарларға қатысты хабарлама жасау тәртібі қолданылатын болады, ал кеден қоймасы рәсіміне орналастырылатын өнімге қатысты хабарлама жасау тәртібін қолдану алып тасталады.

Электрондық сауданың шетелдік қатысушысы тауардың сипаттамалары туралы ақпараты бар бөлімде хабарлама жасау тәртібінің тізбелеріне кірістірілген электрондық сауда тауарына қатысты қауіпсіздік туралы өтінішті толтырады деп бағамдалуда.

«Бірыңғай механизмдер негізінде эксперимент жүргізу нарықты үшінші елдердің маркетплейстерінде сатылатын қауіпсіз емес өнімнен қорғау үшін неғұрлым тиімді тұжырымдама әзірлеуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко.