Енді карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүргізу кезінде электрондық түрде ресімделген фитосанитариялық сертификатты және тауар алып жүру құжаттарын пайдалануға рұқсат етіледі. Осы бақылаудың нәтижелерін де электрондық түрде ресімдеуге болады. Бұл ретте қағаз жеткізгіштегі құжаттарды пайдалану мүмкіндігі сақталады.
«Одақтың өсімдіктер карантині саласындағы нормативтік құқықтық актілерін өзгерту құжаттарды электрондық түрде пайдалану, жасанды немесе жарамсыз фитосанитариялық сертификаттардың айналысын барынша азайту және сөйтіп, карантиндік фитосанитариялық бақылау тиімділігін арттыру және нарыққа қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау мүмкіндігін белгілеуге жол ашады. Бұл шешім - құжаттарды электрондық түрде пайдалануға біртіндеп көшуді мақсат тұтқан Комиссия мен ЕАЭО елдерінің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдарының жүйелі жұмысының нәтижесі»,- деп атап көрсетті ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко.
Анықтама
ЕЭК Кеңесінің шешімі мүше мемлекеттердің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдарының электрондық түрдегі фитосанитариялық сертификатты пайдалануына қатысты 2021 жылғы 10 желтоқсанда ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары қол қойған ЕАЭО туралы шартқа өзгерістерге сәйкес дайындалған.