Жаңалықтар

28.10.2022

ЕАЭО-да Еуразиялық интеграция үшін кадрлар даярлау жөнінде консорциум құрылады

Еуразиялық экономикалық одақта мүше мемлекеттердің жоғары оқу орындарының консорциумы құрылады, оның қызметі Еуразиялық интеграция үшін бейінді кадрлар даярлауға бағытталатын болады. ЕЭК Алқасы Төрағасының кеңесшісі Владимир Ковалев бұл туралы 27 қазанда Ресей СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттері мен оқытушыларының алдында сөйлеген кезінде хабарлады.

2022 жылғы наурызда Комиссия мен ММХҚИ арасында ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

"Біздің бағдарламамыздың шеңберінде Еуразиялық экономикалық интеграция тақырыптамасы бойынша арнаулы магистрлік бағдарлама дайындау жөнінде үлкен жұмыс жүргізілуде. Оны іске асыру үшін желілік модульдық қағидат бойынша Одақ елдерінің мүдделі әріптес жоғары оқу орындарын тепе-теңдік негізінде тарта отырып, ММХҚИ базасында консорциум құрылатын болады. Бүгінгі күні жобаға Арменияның, Беларусьтың (Белорус мемлекеттік университеті) және Қырғызстанның (К.Дикамбаев атындағы дипломатиялық академия) жетекші жоғары оқу орындарының қатысуы туралы уағдаластыққа қазірдің өзінде қол жеткізілді. Кадрларды даярлау 2023 жылы басталуға тиіс",- деп атап өтті өз сөзінде Владимир Ковалев.

Консорциум қызметі болашақта Одақ елдерінің мемлекеттік басқару органдарында Еуразиялық тақырыптама бойынша жұмыс істеуге қазірдің өзінде тартылған, сондай-ақ өзінің кәсіби қызметін Комиссиядағы және басқа бейінді ұйымдардағы жұмыспен байланыстырғысы келетін мамандарды кәсіби даярлауға негіз болады деп жоспарлануда. Оқыту ЕЭК-тің практикамен айналысатын лекторларының қатысуымен жобалық тәсілдеме негізінде құрылатын болады, студенттерге Комиссияда тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі, ал дипломдық жобаларды Еуразиялық экономикалық одақтың күн тәртібінің көкейтесті мәселелеріне арнау жоспарлануда. Владимир Ковалев атап көрсеткендей, "бұл ЕАЭО үшін мамандар даярлауға орайлас сапалық жаңа тәсілдемелерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оның негізінде болашақта толық ауқымдағы кадрлық платформа іске қосылуы мүмкін".

ЕЭК Алқасы Төрағасының кеңесшісі өз сөзінде тыңдаушыларды Еуразиялық экономикалық одақтағы институционалдық және құқықтық жүйемен жан-жақты таныстырды, өзекті халықаралық ахуалды ескере отырып, ЕАЭО-ны дамытудың проблемалық және перспективалық мәселелерін ашып көрсетті. Үлкен Еуразиялық әріптестік тақырыптамасы және ЕАЭО-дағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттары - 2025-Стратегиясында көзделген білім беру, денсаулық сақтау, туризм және басқалары басты назарда болды.

Университетте болу барысында ЕЭК пен ММХҚИ-дың ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру қырлары, университет қоғамдастығының Еуразиялық интеграцияны жандандырудың Одақ органдарында Ресей төрағалық ететін жылы өз дамуына ие бола алатын мәселелері бойынша ұсыныстары талқыланды.

"Интеграцияның жаңа бағыттары мемлекеттік кабинеттерде емес, кәсіби қоғамдастықтарда, академиялық аудиториялар мен студенттік коворкингтерде тууға тиіс екендігін ұтымды деп санаймыз. Біз Еуразиялық тақырыптамаға жастарды тартуды, сөйтіп біздің Одағымыздың өмір сүру және тұлғалық даму үшін табиғи әрі қолайлы орта болуын қалар едік",- деді ЕЭК Алқасы Төрағасының кеңесшісі.

13-14 қазанда ММХҚИ-де өткен Ресейлік халықаралық зерттеулер қауымдастығының XIV конвентінің нәтижелеріне дербес назар аударылды, оның барысында "ЕАЭО-дағы заманауи білім беру: халықаралық өлшем" бейінді сессиясы болып өткен еді.