Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасын қабылдады. Бұл ЕАЭО-ның осы саладағы келісілген саясатты іске асырудың практикалық механизмін құруға бағытталған алғашқы бағдарламалық құжаты.
Бағдарлама тұтынушының саламаттығын, сатып алу
қабілеті мен сауаттылығын қолдау негізінде экономиканы дамыту идеясына негізделген. Құжат Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиясында көзделген. Бағдарлама іс-шараларының ішінде – ұлттық және халықаралық заңнамада тұтынушылардың мүдделерін ескеру механизмін құру, трансшекаралық тұтынушылық дауларды шешу жүйесін қалыптастыру, Одақта ұтымды және орнықты тұтынуды қолдау.
Бағдарлама оны іске асыруға мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бизнестің қатысуына бағдарланған, бұл тұтынушыға жауапты қарауға негізделген ішкі нарықты сақтауға ықпал ететін болады.
Бұдан басқа, қабылданған бағдарламаға сәйкес жыл сайын тақырыптаманы айқындап отыру жоспарлануда, соған сәйкес Одақ шеңберінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерінде қоғам мен бизнестің мүдделілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізілетін болады.