Жаңалықтар

24.01.2022 (Обновлено: 02.02.2022 15:42)

ЕАЭО-да ветеринариялық бақылау рәсімдері оңайлатылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және аумағында ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.

Тәуекелді бағалау механизмін қолдану есебінен Одақ аумағына әкелінетін ветеринариялық бақылауға жатқызылған тауарларды тексеріп қарау саны азайтылды. ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінетін бақылауға жатқызылған тауарларға үшінші елдің құзыретті органы берген ветеринариялық сертификат туралы алдын ала хабарлама беру механизмі қолданылады. Мұның бәрі ЕАЭО-да ветеринариялық бақылау (қадағалау) рәсімдерін оңайлатуға алып келеді.