Жаңалықтар

25.12.2023 (Обновлено: 10.01.2024 09:43)

ЕАЭО-да ішкі нарықтағы 25 кедергі жойылды

25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары ЕАЭО-ның 2022-2023 жылдардағы ішкі нарығындағы кедергілерді жою және алып қою мен шектеулерді қысқарту жөніндегі жағдайды талқылады.

Мәселен, 2022 жылдан бастап ЕАЭО ішкі нарығында 15 тосқауыл, тосқауыл белгілері бар 10 кедергі, 3 шектеу және 2 алып қою жойылды.

Медиативтік процедураларды қолдануда оң тәжірибенің болу нәтижесінде 2022 жылы кедергілерді жоюдың орташа мерзімі айтарлықтай қысқарды және 8,2 айды, ал тосқауыл белгілері бар кедергілер 4,7 айды құрады, алайда 2021 жылы мерзімдер сәйкесінше 48 және 11 айды құраған еді.

Жұмысты күшейтуге ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді саралау әдіснамасының жаңартылған редакциясына енгізілген және кедергілер мен шектеулерді жойылды деп тану тәсілдері ықпал етті. Жаңартпалар, атап айтқанда, кедергілерді қараудың оңтайландырылған мерзімдері мен жетілдірілген тетігін, оларды жойылды деп танудың пысықталған тәртібін, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығында кедергі белгілерінің болуына байланысты жағдайларды реттеу жөніндегі медиация рәсімін көздейді.

Шектеулер тізілімінде 34 шектеу бар. Комиссияның алдын ала есептеулері бойынша 18 шектеуді (жалпы санның 53%) 2025 жылға дейін жою жоспарлануда.

Бұдан басқа, алып қоюды жүйелеу бойынша жұмыстар белсендірілді. 2028 жылға дейін Алып қоюды жою жөніндегі комиссияның жұмысы СФС-шаралар, техникалық реттеу, қаржы нарығы, қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыру, еңбек көші-қоны, кедендік-тарифтік реттеу, агроөнеркәсіптік саясат салаларына бағытталатын болады.

Комиссия жүргізілген талдау негізінде мүше мемлекеттердің жекелеген рейтингтерін қалыптастыру әдістемесін дайындады.

Одақ елдерінде анықталған және жойылған тосқауылдар мен тосқауыл белгілері бар кедергілер (ТБК) туралы деректердің көмегімен ЕАЭО аясында төрт еркіндікті іске асыруда мүше мемлекеттердің тиімділік дәрежесін көрсететін жекелеген рейтингтер алынды.

Мүше мемлекеттердің анықталған тосқауылдар мен ТБК саны бойынша рейтингі (2016 – 2023 жылдар кезеңінде)

Анықтама

ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді саралау және кедергілер мен шектеулерді жойылды деп тану әдістемесін ЕЭК Алқасы 2023 жылғы 28 наурызда бекітті.

Кедергілер деп Одақтың ішкі нарығының қызметі аясында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің еркін қозғалысы және олардың мүше мемлекеттердің қолданыстағы немесе қабылданған, бірақ күшіне енбеген заңнама нормаларының немесе мүше мемлекеттерде қалыптасқан құқық қолдану практикасының Одақ құқығына сәйкес келмеуі салдарынан туындаған мүше мемлекеттердің нарықтарына қол жеткізуі бойынша кедергілер түсініледі.

Шектеулер деп Одақтың ішкі нарығының қызметі аясында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің еркін қозғалысы және олардың Одақ құқығында дамуы көзделген экономикалық қатынастарды құқықтық реттеудің болмауы салдарынан туындаған мүше мемлекеттердің нарықтарына қол жеткізуі бойынша кедергілер түсініледі.

Алып қоюлар деп Одақтың ішкі нарығының қызметінің жалпы қағидаларын мүше мемлекеттің қолданбауы бөлігінде Одақ құқығында көзделген алып тастау (шегіну) түсініледі.

ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергі туралы мәлімдеуге және осы саладағы ЕЭК жұмысы туралы толық ақпаратты Ішкі нарықтың қызметі порталынан білуге болады.

ЕЭК ішкі нарығының қызметі департаментінің кедергілер және оларды жою жөніндегі жұмыс туралы бейнеколлекциясы.