Жаңалықтар

12.12.2023

ЕАЭО-да өнеркәсіптегі кооперациялық жобаларға қаржылық жәрдемдесу механизміне қатысатын қаржылық ұйымдардың тізбесі бекітілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 12 желтоқсандағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асырған кездегі қаржылық жәрдемдесу механизміне қатысатын қаржылық ұйымдардың тізбесі бекітілді.

"Бүгін ұсынылып отырған қаржылық ұйымдар тізбесі біздің елдеріміздің позициясы негізінде қалыптастырылған. Ол Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шешімімен бекітілген Бірлескен кооперациялық жобаларды іріктеу және оларға қаржылық жәрдем көрсету туралы ережені іске асыру үшін қажет. Аталған Ережемен ұлттық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар және мұндай ұйымдардың тізбесін Комиссия Кеңесі айқындайтыны белгіленген", – деп хабарлады ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян. 

Артак Камалян Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Комиссия мен мүше мемлекеттердің Үкіметтері алдына көпжақты өнеркәсіптік жобаларға қаржылық жәрдемдесу механизмін іске қосу және іске асыру үшін қажетті актілерді әзірлеу мен қабылдауды қамтамасыз ету міндетін қойғанын еске салды. 

Тізбеге 63 банк, 8 даму институты және 1 халықаралық ұйым (Еуразиялық даму банкі) кірістірілген.

Анықтама

Еуразиялық экономикалық комиссия Одақ бюджетінен өнеркәсіптегі көпжақты интеграциялық жобаларға арналған кредиттер бойынша пайыздық ставкалардың бір бөлігін субсидиялау жөніндегі жаңа өкілеттіктерді осы жылғы 25 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында мүше мемлекеттердің басшылары келіскен ЕАЭО туралы шартқа енгізілген өзгерістер нәтижесінде алды. ЕАЭО туралы шартқа ЕЭК-ке жаңа өкілеттіктер беру бөлігінде енгізілетін өзгерістер оларды Одақ мемлекеттері ратификациялағаннан кейін күшіне енеді.

2023 жылғы 26 қазанда Еуразиялық үкіметаралық кеңес өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іріктеу және оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің іске асыруы кезінде қаржылық көмек көрсету туралы ережені бекітті.