Жаңалықтар

12.03.2024

ЕЭК-те табиғи монополиялар саласындағы іс-шаралар талқыланды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошевтың төрағалық етуімен табиғи монополиялар жөніндегі комитеттің отырысында 2023 жылғы табиғи монополиялар саласындағы жұмыс туралы баяндаманың жобасы қаралды.

Құжат есепті кезеңде әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары туралы мәліметтерді, табиғи монополиялар мәселелері бойынша шағымдарды, өтініштерді қарау жөніндегі сот практикасын қоса, реттеуші органдардың қызметі туралы ақпаратты қамтиды. Бұдан басқа, баяндама Одақ елдерінің табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы үндестіру бойынша жүргізген іс-шараларын кірістіреді.

Биылғы мамыр айында баяндама Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына ұсынылады.

Министр табиғи монополиялар саласындағы "жол картасының" екінші кезеңінде көзделген құжаттарды дайындау кезіндегі ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдары сарапшыларының сындарлы тәсілдемесіне жоғары баға берді.

Анықтама:

Баяндама (ақпарат) Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 қосымша) 20-тармағының 5-тармақшасына сәйкес жыл сайын дайындалады.

ЕАЭО мемлекеттерінің табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын үндестіруді жүргізудің дәйектілігін айқындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын ("жол картасын") ЕЭК Кеңесі 2017 жылғы желтоқсанда бекітті.