Жаңалықтар

18.01.2022 (Обновлено: 02.02.2022 09:58)

ЕЭК-те АӨК-тің қызылша-қант кіші кешенінде ЕАЭО мемлекеттерінің ынтымақтастығын дамыту шаралары мақұлданды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы қант саласында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің ынтымақтастығын арттыруға бағытталған ұсыным қабылдады. Құжат ЕАЭО туралы шарт шеңберінде және ЕЭК Кеңесінің тапсырмасына сәйкес дайындалған.

ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян атап өткендей, ұсыным Одақтың қант нарығын орнықты дамыту, дәлірек айтқанда, қант саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық және ұлтүсті реттеу шараларының тізбесін қамтиды. Құжатқа ресурстық қамтамасыз етуге, өндіріске, өзара сауданы және экспорттық әлеуетті дамытуға, ақпараттық жұмысқа және тәжірибе алмасуға қатысты іс-шаралар кірістірілген.

«Бұл шараларды іске асыру қызылша қанты өндірісінің теңгерімділігін қамтамасыз етуге, Одақтың ішкі нарығының қажеттілігін қанағаттандыруға, ақ қант пен құрамында қант бар өнімнің үшінші елдерге экспортын арттыруға, АӨК-тің қызылша-қант кіші кешенінде қолайлы инвестициялық ахуалды ұстап тұруға мүмкіндік береді», — деп атап көрсетті Артак Камалян.
Артак Камалянның сөзінше, ЕАЭО мемлекеттері мүше мемлекеттердің өнеркәсіп өндірісі көлемі өсуін тұрақтандыру және қант қызылшасы селекциясының рентабельді будандасқан жоғары сапалы бәсекеге қабілетті тұқымдарын өткізу үшін қант қызылшасының селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамыту мәселелеріне көңіл бөлуге тиіс. Бұдан өзге, қызылша себуші және қызылша жинаушы паркті, мелорацияға арналған жабдықты жаңарту, қант қызылшасын аурулар мен зиянкестерден қорғау үшін бәсекеге қабілетті препараттар жасау, қант қызылшасы ауруларын қоздырушыларды анықтау және басқалар ұсынылады.