2 мамырда 2023 жылғы 8 маусымда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріндегі ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісім күшіне енді.
Енді мұндай құжаттардың иелері жұмысқа орналасқан мемлекетте ғылыми дәрежесі үшін белгіленген үстемеақыларды немесе жеңілдіктерді талап ететін жағдайларды қоспағанда, еуразиялық «бестік» елдері азаматтарының ғылыми дәрежесі туралы ұлттық құжаттар Одақтың басқа мемлекетінде еңбек ету үшін автоматты түрде (танудың ұлттық рәсімдерін жүргізбей) танылады.
«Келісім жоғары білікті мамандардың икемділігін арттыруға бағытталған және еңбек ресурстарының орын ауыстыру еркіндігін дамытуға ықпал ететін болады», – деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов.