Жаңалықтар

10.03.2025

Владимир Серпиков ЭСКАТО сессиясының қатысушыларына ЕАЭО-климаттық күн тәртібінің ерекшеліктері туралы айтты

Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаментінің директоры Владимир Серпиков ЭСКАТО шеңберінде Солтүстік және Орталық Азияда орнықты даму үшін сауданың трансформациялық әлеуетін пайдалану және сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі сарапшылар тобының кеңесіне қатысты.

"Климаттық оңтайландырылған сауда және сауда рәсімдерін оңайлату" сессиясында ол Еуразиялық экономикалық одақта климаттық күн тәртібін қалыптастырудың қағидаттары мен тәсілдемелері, сондай-ақ төмен көміртекті дамуды ынталандырудың қолданыстағы құралдары туралы хабардар етті.

Іс-шараға қатысушылар ЕАЭО нарығына және үшінші елдермен саудаға байланысты климаттық шаралардың әлеуетті әсерін талқылады. Жасыл жобалар критерийлері (модельдік таксономиялар) туралы пікір алмасуға бөлекше назар аударылды.

"Көміртек нарығын дамытудың жалпы тәсілдемелерін қалыптастыру ЕАЭО-ның экспортқа бағдарланған өндірістерін қорғау мақсатына ғана емес, сондай-ақ салыстырмалы түрде төмен көміртектің ізі бар немесе оны төмендетудің елеулі әлеуеті бар салаларда бәсекелестік артықшылықтарды дамыту мақсатына да қызмет ете алады", – деп атап өтті Владимир Серпиков.