Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 25 маусымда Бірыңғай санитариялық талаптарға жануарлардан алынатын тамақ өнімдеріне антигельминттік ветеринариялық дәрілік заттардың барынша рұқсат етілгендеңгейін (БРД) қосуды көздейтін өзгерістер енгізді.
Аталған БРД белгілеу қажеттігі олардың Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінде қолдануға рұқсат етілгендігіне және өсімтал жануарларды өсіру кезінде кеңінен қолданылатындығына байланысты. Бұл ретте ЕАЭО актілерінде олардың жануарлардан алынатын тамақ өнімдерінде болуының рұқсат етілген деңгейі жоқ.
ЕЭК Алқасының шешіміжануарлардан алынатын қауіпсіз тамақ өнімін шығаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осылайша Одақ елдері халқының өмірі мен денсаулығын қорғаудың тиісті деңгейі, соның ішінде ДДҰ, ФАО, ЮНЕП және ДЖДҰ"Бірыңғай денсаулық" тұжырымдамасы шеңберінде қамтамасыз етіледі.
Алқаның шешімі Одақтың "Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне белгіленген БРД енгізілгеннен кейін күшіне енеді.