Карантинге жатқызылған өнімдер тізбесі "үнді мангиферасының (манго) сүйектері" позициясына қатысты ізеуірттелген.
Бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптар карантинге жатқызылған өнімнің кейбір түрлерінде (мысалы, ши жаңғағы, шорея, сал жаңғағы, үнді гарциниясының тұқымдары, үнді мангиферасының (манго) сүйектері сияқты) капр қоңызының болмауы бойынша арнайы карантиндік фитосанитариялық талаптармен толықтырылған.
Капр қоңызы — ЕАЭО аумағында жоқ карантиндік зиянды организмдер туралы бөлімге кірістірілген карантиндік объект. Капр қоңызының балаңқұрты бидайға, қара бидайға, арпаға, сұлыға, жүгеріге, күрішке, жержаңғаққа, мақта мен зығыр тұқымына, ұн мен макаронға, ал кейде тіпті қағаз бен қапшық матасына зақым келтіруі мүмкін.
Сондай-ақ Одақтың өсімдіктер карантині саласындағы құқықтық актілеріне (Карантинге жатқызылған өнімдер тізбесі мен Бірыңғай талаптарға) оларды ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің қолданыстағы тауар номенклатурасына сәйкес келтіруге қатысты техикалық сипаттағы түзетулер енгізілді.
Комссия Кеңесінің шешімі ЕАЭО аумағында карантиндік фитосанитариялық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге және капр қоңызын әкелу мен тарату тәуекелін барынша азайтуға мүкіндік береді.