Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Кеден одағының «Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгертулер енгізді.
Енгізілген өзгертулер қозғалтқыштың қуатына байланысты 2-экологиялық класындағы қозғалтқыштары бар қозғалтқыштар мен тракторларды өндіріп шығаруды жалғастыруға мүмкіндік береді: 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін D және G диапазонындағы қуатпен; 2025 жылдың 1 қазанына дейін Е1 және F диапазонындағы қуатпен.
Бұндай техникан үшін сәйкестік сертификаттары 2027 жылдың 31 наурызына дейін (қоса алғанда) жарамды болады.
«3а» экологиялық класындағы қозғалтқыштарды және сондай қозғалтқышы бар тракторларды өндіруге және айналымға шығаруға көшу күні кейінге қалдырылды: 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап – K, J диапазонындағы қуатпен; 2025 жылдың 1 қазанынан бастап – I, H диапазонындағы қуатпен.
Сонымен қатар «3а» экологиялық класындағы қозғалтқыштары бар тракторларды айналымға шығаруға ертерек көшу мүмкіндігі белгіленді.
ЕЭК-ның техникалық реттеу бойынша министрі Валентин Татарицкий мынаны атап айтты: «Енгізілген өзгерістер 2 к экологиялық класындағы техниканы өндіруден 3а экологиялық класындағы техниканы шығаруға ақырындап көшуге мүмкіндік береді. Олар үшінші елдердің елдеріміздегі жеке өндірушілерге қатысты енгізген шектеу шаралары аясында тракторлар мен қозғалтқыштардың тұрақты өндірісін қамтамасыз етуге бағытталған».