23 тамызда Алматыда Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Ернар Бәкенов Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңсесінің алаңында өткен бизнес-қоғамдастықпен кездесуге қатысты.
Ернар Бәкенов өз сөзінде іскер топтардың өкілдеріне Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі реттеудің ағымдағы жылы ендірілген "жаңаларын" қоса, бизнесті жүргізу шарттарына әсерін бағалауға, ЕЭК қабылдаған шешімдердің нақты әсерін бағалау рәсімдеріне және халықаралық шарттар жобаларының реттеуші әсерін бағалауға қатысу мүмкіндіктері туралы айтып берді.
"2023 жылы РӘБ рәсімі кезінде Комиссия актілерінің жобалары бойынша бизнестен 747 ұсыныс түсті. Олардың жартысынан астамы жобаларды пысықтау кезінде ескерілді, ал РӘБ оң қорытындыларының үлесі 98%-дық көрсеткішке жетті. Бұл цифрлардың артында, бір жағынан, ЕЭК шешімдерін қабылдау кезінде бизнестің тартылуының жоғары дәрежесі, екінші жағынан, Комиссия тарапынан жасалған реттеушілік "икемділік" пен ашықтық тұр", — деп атап өтті спикер.
Бұдан басқа, Комиссия өкілі Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеу тиімділігін қамтамасыз ету үшін қабылданатын шаралар туралы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық интеграция процестерінің кәсіпкерлікті дамытуға оң әсерін растайтын көрсеткіштер мәнінің оң серпіні туралы айтып берді.
Ернар Бәкенов Қазақстанның іскер топтарының өкілдері бұрын қойған нақты мәселелерді шешу нәтижелері туралы, сондай-ақ пысықталуы жалғасып жатқан өзекті мәселелерді сол бөлігінде реттеу бойынша қол жеткізілген прогресс туралы ақпарат берді.
ЕЭК өкілі сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, олар айтқан мәселелерді пысықтауға қабылдады.