Жаңалықтар

20.09.2023

Одақтың «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техрегламентіне өзгерістер күшіне енеді

2023 жылғы 22 қыркүйекте ресми жарияланған күнінен бастап 360 күн өткен соң Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 143 шешімімен қабылданған "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне өзгерістер күшіне енеді.

Өзгерістер техникалық регламенттің ұғымдық аппаратын, сондай-ақ физикалық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерді нақтылау мақсатында дайындалды, бұл осындай өнімді жасаушылар үшін де, қадағалау органдары мен сынақ зертханаларының мамандары үшін де сүт өнімдерінің жекелеген түрлерін сәйкестендіру рәсімін жетілдіруге мүмкіндік береді әрі нарыққа қатысушылардың қызметіне оң әсер етеді.

Комиссия Алқасының 2023 жылғы 14 наурыздағы № 34 шешімімен өтпелі кезең белгіленді, ол өзгерістер күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 180 күннен кейін аяқталады.