Жаңалықтар

26.07.2023

ЕАЭО-да ЖІӨ 2023 жылғы қаңтар-наурызда 41,5 трлн ресей рублін құрады

2023 жылғы қаңтар – наурыз айларында Еуразиялық экономикалық одақтың ЖІӨ 41,5 трлн ресей рублін (570 млрд АҚШ доллары) құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға төмендеген. ЖІӨ артуы Арменияда (+12,1%), Қазақстанда (+5%) және Қырғызстанда (+4,6%) байқалды.

ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік өндіріс 2023 жылғы қаңтар – мамыр айларында 44 трлн ресей рублін (583,6 млрд АҚШ доллары) құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 2%-ға өсті. Өнеркәсіптік өндірістің артуы барлық мүше мемлекеттерде байқалды, ең жоғары өсім Беларуссияда 4,1% болып тіркелді. ЕАЭО өнеркәсіптік өндірісінің құрылымында ең үлкен үлес салмағын өңдеу өнеркәсібі (65%-дан жоғары) иеленді. Оның үлесі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 пайыздық тармаққа артты.

 

ЕАЭО-да барлық санаттағы шаруашылықтарда ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі 2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 3,2%-ға ұлғайып, 2,5 трлн ресей рублін (32,6 млрд АҚШ доллары) құрады. Ең жоғары өсім Беларуссияда (5,4%) байқалды.

2023 жылғы қаңтар – мамырда ЕАЭО-да орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,2%-ға ұлғайды және 4,8 трлн ресей рублін (63,2 млрд АҚШ доллары) құрады. Ең үлкен өсім Арменияда тіркелді (47%-дан астам). Армения мен Қазақстанда тұрғын үй құрылысының өсуі байқалды.

2023 жылғы қаңтар – мамырда жолаушыларды тасымалдау көлемі 5,7 млрд адамды құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар – мамырға қарағанда 8,4%-ға артық.

Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаментінің «Ай сайынғы талдамалық шолу» бөлімінде берілген.