2021 жылы өзара сауда көлемі Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс істеген кезең ішінде барынша көп деңгейге жетіп, 72,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл 2020 жылғыдан 31,9% көп және 2019 жылғыдан 17,8% жоғары.
Өзара саудадағы экспорт көлемінің өсуі Одақтың барлық мемлекетінде тіркелді. Мейлінше көп өсім Қырғызстанда (44,9%) және Қазақстанда (34,9%) байқалды.
Сыртқы сауда көлемі 844,2 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылғыдан 35,1% көп. Ковидке дейінгі 2019 жылғы деңгейден 14,7% асып түсті. ЕАЭО-дан тыс елдерге тауарлар экспорты 2021 жыл ішінде 44,1%, импорт 22,6% артты. Одақтан тыс елдерге экспортқа Беларусь (өсім 47,8%) пен Ресей (өсім 47%) мейлінше көп үлес қосты.
Толығырақ ақпарат Статистика департаменті бетіндегі «Тауарлардың сыртқы және өзара саудасының статистикасы» бөлімінде жедеғабыл-шолуда берілген.