Жаңалықтар

06.03.2025

Елена Кухаревич ЕЭК-тің Статистика департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Елена Ивановна Кухаревич 1994 жылы Белорус мемлекеттік экономика университетін "статистика" мамандығы бойынша, 2003 жылы Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Басқару академиясын бітірген.

1988 жылдан 2008 жылға дейін Гродно облыстық статистика басқармасында әртүрлі лауазымда жұмыс істеді, соңғы бес жылда басқарма бастығының орынбасары және бірінші орынбасары лауазымында болды.

2008-2025 жылдары Беларусь Республикасы Статистика және талдау министрінің орынбасары, Беларусь Республикасы Ұлттық статистика комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары болды.

Мемлекеттік награда — "Еңбек сіңіргені үшін" медалімен марапатталған.

2025 жылғы 4 наурыздан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.