Константин Григорьевич Бегиджанов 1988 жылы 30 қыркүйекте Ереванда туған.
2009 жылы Ресей-Армян (Славян) мемлекеттік университетін "экономика" мамандығы бойынша бітірген.
2009-2011 жылдары әскери қызметті өткерді.
2018 жылы Армения ұлттық политехникалық университетінің магистратурасын "экономика" мамандығы бойынша бітірді.
2024 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында "Өзгерістерді басқару және бизнесті дамыту" бағдарламасы бойынша оқудан өтіп, "Іскерлік әкімшілендіру шебері (MBA)" біліктілік дәрежесіне ие болды.
2008-2020 жылдары Армения мен Ресейдің коммерциялық кәсіпорындарында әртүрлі лауазымда жұмыс істеді. Атап айтқанда, 2011 жылдан 2017 жылға дейін Армениядағы ресейлік "Прогресстех" ЖШҚ-ның еншілес кәсіпорнын — Ресейдің біріккен авиажасау корпорациясының жобаларына қатыса отырып, авиациялық және автомобиль техникасының беріктігін талдауға және конструкторлық оңтайландыруға мамандандырылған инжиниринг орталығын басқарды.
2017 жылдан 2020 жылға дейін мобильді құрылғылардан оқылатын динамикалық деректерді өңдеуге және талдауға мамандандырылған "Миннова.АМ" технологиялық компаниясының тең құрылтайшысы және бас директоры болды.
2020 жылғы наурыздан 2021 жылғы наурызға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесінің (министрдің) көмекшісі болып жұмыс істеді.
2021 жылғы наурыздан 2025 жылғы наурызға дейін ЕЭК-тің Монополияға қарсы реттеу департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
Комиссияның құрмет грамотасымен және "Интеграцияны дамытуға қосқан жеке үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталған.
2025 жылғы 10 наурыздан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.