Жаңалықтар

24.07.2024

Александр Басалыга ЕЭК-тің Құқықтық департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Александр Евгеньевич Басалыга 1986 жылы Беларусь Республикасының Минск облысындағы Солигорскіде туған.

Белорус мемлекеттік университетін (білімі бойынша мамандығы – халықаралық құқық) және Беларусь Республикасы Президенті жанындағы Басқару академиясын (ұлттық экономиканы мемлекеттік басқару) бітірген.

Оның 2010-2024 жылдардағы еңбек қызметі Беларусь Республикасының Әділет министрлігімен байланысты, осында бірінші санатты маманнан халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығына дейінгі жолдан өтті.

2012-2014 жылдары ЕАЭО туралы шарттың функционалдық бөлігін дайындау бойынша мемлекеттік басқару органдарын үйлестіруді сарапшылық деңгейде қамтамасыз етті.

Еңбектегі жоғары көрсеткіштері үшін Беларусь Республикасының Әділет министрлігі, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан бірнеше мәрте ынталандырылды.

2024 жылғы 22 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Құқықтық департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.